🌱 «Жасыл импульс» клубының жас экологтары – жасыл қала үшін! 🌳
Кеше, сенбі күніне қарамастан, мектептің «Жасыл импульс» экологиялық клубының жас табиғат жанашырлары жылы төсектерінде жатып қалған жоқ. Таңертең ерте жылы киініп, балалар туған қаланы көгалдандыруға өз үлестерін қосу үшін «Горняк» РҚК-не аттанды.
@pokolenie_kz бастамасымен және @pitomnik_rudny питомнигінің қолдауымен қала көлемінде ағаш отырғызу акциясы өтті. Қатысушылар шырша, арша және дерен ағаштарын отырғызып, қаламызды одан әрі әдемі әрі жайлы етті.
Жұмыс аяқталған соң ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс айтып, сертификаттар табыс етті және хош иісті шай мен дәмді тәттілер ұсынды.
Балаларға көрсеткен қамқорлықтары мен табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттырғандары үшін @pokolenie_kz пен @pitomnik_rudny ұжымына зор алғыс білдіреміз! 💚
Мұндай игі іс-шаралар қаланы көркейтіп қана қоймай, оқушыларды қоршаған ортаны сүйіп, оны қорғауға үйретеді.
@________________________
🌱 Юные экологи «Зелёного пульса» — за зелёный город! 🌳
Сегодня, несмотря на субботу, юные экологи школьного клуба «Зелёный пульс» не остались дома в тёплых кроватках. Рано утром, тепло одевшись, ребята отправились к РКЦ «Горняк», чтобы внести свой вклад в озеленение родного города.
Благодаря инициативе @pokolenie_kz и питомника @pitomnik_rudny прошла городская акция по посадке деревьев. Участники высадили ели, можжевельники и дерен, сделав наш город ещё красивее и уютнее.
После завершения работы организаторы поблагодарили всех участников, вручили сертификаты и угостили ароматным чаем с вкусной выпечкой.
Благодарим @pokolenie_kz и @pitomnik_rudny за приглашение, внимание к детям и заботу о природе! 💚
Такие акции не только украшают город, но и учат школьников любить и беречь окружающий мир.