18 Наурыз — Ұлттық киім күні
🌿 Наурыз – жаңару мен бірліктің, ұлттық құндылықтардың мерекесі!
Мектебімізде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған салтанатты линейка өтті 🌸
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталып, оқушылар әсем ұлттық бимен көрермендерді тәнті етті. Жүргізушілер Наурыздың мән-маңызына тоқталып, бұл мейрамның көктемнің келуімен бірге жаңару мен ізгі бастамалардың символы екенін атап өтті.
Мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, ұлттық дәстүрлерді сақтау мен мәдениетке құрметтің маңыздылығын ерекше атап өтті. Линейка барысында оқу, шығармашылық және қоғамдық өмірде белсенділік танытқан оқушылар марапатталды 👏
Мерекелік көңіл-күйді әсем әндер толықтырса, шараның шарықтау шегі «Этно шоу» – ұлттық киімдер көрсетілімі болды. Айта кетейік, 18 наурыз – Ұлттық киім күні, осыған орай оқушыларымыз ұлттық киімдердің әсемдігі мен ерекшелігін мақтанышпен паш етті 🇰🇿
Наурыз – бірлік пен татулықтың, мейірім мен ізгіліктің мерекесі.
Әр шаңыраққа құт-береке, бақ-дәулет әкелсін! ✨
🌿 Наурыз – праздник обновления, традиций и единства!
В нашей школе прошла торжественная линейка, посвящённая светлому празднику Наурыз 🌸
Мероприятие началось с исполнения Государственного гимна, после чего учащиеся порадовали всех ярким национальным танцем. Ведущие напомнили о глубоком смысле Наурыза – праздника весны, обновления и добрых начинаний.
С поздравительной речью выступил директор школы, отметив важность сохранения традиций и воспитания уважения к культуре своего народа. В ходе линейки были награждены учащиеся, проявившие себя в учёбе, творчестве и общественной жизни школы 👏
Праздничную атмосферу дополнили красивые песни, а особым украшением мероприятия стало «Этно шоу» – показ национальных костюмов. Стоит отметить, что 18 марта отмечается День национальной одежды, и наши ученики с гордостью продемонстрировали богатство и красоту традиционных нарядов 🇰🇿
Наурыз напомнил нам о главных ценностях – единстве, доброте, уважении и мире.
Пусть этот праздник принесёт в каждый дом счастье, благополучие и новые надежды! ✨