Дүниежүзілік ауыз қуысы денсаулығы күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар аясында мектебімізде бастауыш сынып оқушылары арасында «Болашаққа сау тіспен» тақырыбында сурет көрмесі өтті.
Жас қатысушылар тапсырмаға қызығушылықпен және шығармашылық шабытпен қарап, өз жұмыстарында тістерге дұрыс күтім жасаудың маңыздылығын, салауатты өмір салтын және ауыз қуысы гигиенасын бейнеледі. Көрме балалардың бойында пайдалы әдеттерді қалыптастыруға және ерте жастан тіс денсаулығының маңызын түсінуіне ықпал етті.
В рамках мероприятий, приуроченных ко Всемирному дню здоровья полости рта, в нашей школе прошла выставка рисунков среди учащихся начальных классов на тему «Болашаққа сау тіспен».
Юные участники с интересом и творческим вдохновением подошли к заданию, отразив в своих работах важность правильного ухода за зубами, здорового образа жизни и гигиены полости рта. Выставка способствовала формированию у детей полезных привычек и повышению их осведомлённости о значении здоровья зубов с раннего возраста.