2026 жылғы 10 сәуірде мектептің акт залында жаратылыстану-математикалық бағыт (ЖМБ) апталығы аясында «Форт Боярд» атты зияткерлік-ойын-сауық сайысы өткізілді.
Ойынға 8–10 сынып оқушыларынан құралған, әрқайсысы 5 адамнан тұратын командалар қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушылардың жаратылыстану-математикалық пәндерге деген танымдық қызығушылығын арттыру, топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін көрсетуге жағдай жасау болды.
Бағдарлама аясында түрлі тапсырмалар ұсынылды: математика, физика және информатика пәндері бойынша зияткерлік сұрақтар, логикалық есептер, сондай-ақ практикалық және ойын кезеңдері. Қатысушылар белсенділік танытып, тапқырлықтарын көрсетіп, командада жұмыс істеу және жылдам шешім қабылдау қабілеттерін дәлелдеді.
Ерекше қызығушылық тудырған финалдық кезеңде командалар ойын барысында жинаған кеңестерді пайдаланып, ортақ тапсырманы шешті. Бұл олардың аналитикалық ойлауын дамытуға және білімдерін стандартты емес жағдайларда қолдана білуіне ықпал етті.
Іс-шара достық және жағымды атмосферада өтті, оқушылардың бірлігін нығайтып, оқу пәндеріне деген қызығушылығын арттырды.
Қойылған мақсаттарға толық қол жеткізілді. «Форт Боярд» ойыны қатысушылар тарапынан оң бағасын алды.
____________________________
10 апреля 2026 года в актовом зале школы состоялось внеклассное мероприятие — интеллектуально-развлекательная игра «Форт Боярд», проведённая в рамках недели естественно-математического направления (ЕМН).
В игре приняли участие команды учащихся 8–10 классов в составе 5 человек. Основной целью мероприятия было развитие познавательного интереса к предметам естественно-математического цикла, формирование навыков командной работы, логического мышления, а также создание условий для проявления творческих способностей учащихся.
Программа мероприятия включала разнообразные испытания: интеллектуальные задания по математике, физике и информатике, логические задачи, а также практические и игровые этапы. Участники проявили активность, смекалку, умение работать в команде и быстро принимать решения.
Особый интерес вызвало финальное задание, в котором команды использовали полученные в ходе игры подсказки для решения общей задачи. Это способствовало развитию аналитического мышления и умения применять знания в нестандартных ситуациях.
Мероприятие прошло в дружелюбной и позитивной атмосфере, способствовало сплочению учащихся и повышению их интереса к учебным предметам.
Поставленные цели были достигнуты. Игра «Форт Боярд» получила положительные отзывы от участников.