Қостанай облысында прокуратураның бастамасымен және уәкілетті органдармен бірлесіп «Денсаулық — жастардың көзімен: біз нашақорлыққа қарсымыз» атты ауқымды көрме өткізілді, оған 2095 оқушы мен жасөспірім қатысты. Бұл іс шара жастарды денсаулық, құқықтық тәртіп пен әлеуметтік жауапкершілік мәселелеріне тартудың маңызды алаңына айналды.
Іс шараның мақсаты — жастар арасында құқықтық сананы қалыптастыру, нашақорлық құқықбұзушылықтарының алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және заңға, қоғамдық тәртіпке құрметті тәрбиелеу.
Көрме барысында қатысушылар өздерінің нашақорлыққа қарсы пікірлері мен ұстанымдарын сурет және шығармашылық жұмыстар арқылы білдіру мүмкіндігіне ие болды. Бұл жұмыстар тыйым салынған заттарды тұтынуға теріс көзқарасты айқын көрсетті.
Сонымен қатар, 18 жасқа дейінгі мектеп оқушылары мен ересектер арасында (жарысқа қатысқан жалпы саны — 240 адам) салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған флешмоб пен жүгіру жарысы өткізілді. Сондай ақ, нашақорлықтың зияны туралы фильм көрсетілді.
Денсаулық сақтау саласының мамандары мен психологтар нашақорлықтың зияны, тәуелділіктің салдары, физикалық және психикалық денсаулықты сақтау маңыздығы және теріс әсер мен стрессқа қарсы тұру жолдары туралы дәрістер мен кеңестер өткізді. Бұл сөздер қатысушыларға жастардың алдында тұрған қауіптілікті жақсырақ түсінуге және нашақорлықсыз өмірді таңдауға дайын болуға ықпал етті.
Көрме қорытындысы бойынша барлық белсенді қатысушыларға белсенді азаматтық ұстаным, шығармашылық және алдын алу іс шараларына қатысқаны үшін алғыс хаттар, медальдар мен грамоталар, сондай-ақ нашақорлықтың зияны және оны тұтынғаны үшін жауапкершілік туралы естелік материалдар табысталды.
Іс шара салауатты өмір салтын таңдау мен заң талаптарын сақтау қоғамдық тәртіпті нығайтуға, жасөспірімдерді қауіпсіз әрі тұрақты қоғам қалыптастыруға атсалысуға белсенді қатысуға ықпал ететіндігін көрсетті.
«Денсаулық — жастардың көзімен: біз нашақорлыққа қарсымыз» көрмесі көрсеткендей: профилактика, шығармашылық, спорт, фильмдер көрсету, ағарту және психологтардың қолдауы — жастар арасында заңға бағыну мәдениетін қалыптастырудың тиімді құралдары болып табылады.
В Костанайской области по инициативе прокуратуры совместно с уполномоченными органами прошла масштабная выставка «Здоровье глазами молодежи: мы против наркотиков», в которой приняли участие 2095 школьников и молодежи. Мероприятие стало важной площадкой для вовлечения молодежи в вопросы здоровья, правопорядка и социальной ответственности.
Цель мероприятия — формирование правового сознания среди молодежи, профилактика наркоправонарушений, пропаганда здорового образа жизни, а также воспитание уважения к закону и общественному порядку.
В ходе выставки участники имели возможность выразить свои мысли и позиции против наркотиков через рисунки и творческие работы, которые наглядно демонстрировали отрицательное отношение к употреблению запрещенных веществ.
Также прошли флешмоб и забег среди учащихся школ до 18 лет и взрослых (общее количество участников забега — 240 человек), направленные на популяризацию активного и здорового образа жизни. Кроме того, был показан фильм о вреде наркотиков.
Специалисты здравоохранения и психологи провели лекции и консультации о вреде наркотиков, последствиях зависимости, важности сохранения физического и психического здоровья, а также способах противостоять негативному влиянию и стрессу. Эти выступления помогли участникам лучше понять опасности, с которыми сталкивается молодежь, и укрепили их готовность делать осознанный выбор в пользу жизни без наркотиков.
По итогам выставки всем активным участникам были вручены благодарственные письма, медали и грамоты за активную гражданскую позицию, творчество и участие в профилактических мероприятиях, а также памятки о вреде наркотиков и ответственности за их употребление.
Мероприятие продемонстрировало, что сознанный выбор в пользу здоровья и соблюдения закона укрепляет общественный порядок, делает молодежь активным участником формирования безопасного и устойчивого общества.
Выставка «Здоровье глазами молодежи: мы против наркотиков» подтвердила: профилактика, творчество, спорт, показ фильмов, просвещение и психологическая поддержка — эффективные инструменты формирования культуры законопослушного поведения среди молодежи.